Астана июль

Тренинг в г. Астана

Астанада әлеуетті экспорттаушылар мен жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер оқудан өтті.

Экспортқа бағдарланған бизнесті жүргізудің заманауи шындықтары халықаралық сауда саласындағы теориялық білімді үнемі жаңартып отыруды және оларды іс жүзінде қолдануды талап етеді.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 11-12 және 17-18 шілдесінде QazTrade және Халықаралық сауда орталығы Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландыратын «Ready4Trade-Орталық Азия» жобасы шеңберінде Астана қаласында сауда саласындағы кәсіпкерлер мен сарапшыларға арналған практикалық оқыту курстарын өткізуді жалғастырды.

«QazTrade» АҚ-ның Департамент директоры, PhD Айнұр Әмірбекова:
«Біздің бастаушы экспорттаушылар халықаралық нарыққа шығу және өз компаниялары үшін тиімді экспорттық стратегияны қалай әзірлеу туралы құнды ақпарат алды. Өйткені, экспорттың дұрыс стратегиясы бизнесті дамытудың алғашқы кезеңдерінде үлкен маңызға ие. Сондықтан біз бұл тренингтерді біздің серіктесіміз - Халықаралық сауда орталығының - ЕО-ның қаржылық белсенді қолдауымен ұйымдастырамыз».

Оқыту барысында кәсіпкерлер, сондай-ақ сауда саласындағы мамандар халықаралық сауданы жүргізудің негізгі ережелерімен және ЕО-қа қазақстандық өнім экспортының ерекшеліктерімен егжей-тегжейлі танысты. Осы тұрғыда өткізілетін өңірлік курстар экспорттық қызметтің әртүрлі нюанстары және сапа мен сәйкестіктің халықаралық талаптары туралы сенімді ақпарат алудың бірегей мүмкіндігі болып табылады.

Семинарға қатысушыларға өткен жылдың шілдесінде іске қосылған Сауда рәсімдерін оңайлату бойынша Қазақстанның Сауда порталы (https://https://tradeinfo.kz/?l=kk) таныстырылды. Портал ақпараттық-анықтамалық құрал рөлін атқарады, кез келген тұлға Қазақстанның ЕАЭО елдерімен және үшінші елдермен сауда жасау контекстінде қазақстандық бизнес үшін басым тауарлар бойынша экспорт/импорт және транзит рәсімдерінің қадамдық сипаттамасымен оңай таныса алады.

Өңірлік офлайн семинарлардан басқа, сауда ережелері туралы курстарды QazTrade Academy білім беру порталында онлайн режимде мына сілтеме бойынша өтуге болады: https://www.qaztradeacademy.kz/course/info.php?id=1910.