Серия обучающих семинаров, проведенных QazTrade для магистрантов, докторантов и преподавателей региональных университетов

Фото Астана

QazTrade аймақтық университеттердің магистранттарына, докторанттарына және оқытушыларына арналған бірқатар оқыту семинарларын өткізді.

2023 жылғы 12-20 қазан аралығында «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы Л.Н.Гумилева атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасымен бірлесіп экспорт және халықаралық сауда бойынша модульдік оқыту жүргізді. Оқыту бағдарламасына Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан университеттерінің магистранттары, докторанттары мен оқытушылары қатысты. Оқыту 8 түрлі модульді қамтыды және QazTradeAcademy платформасы базасында өтті.

Оқыту курстары Еуропалық Одақ қаржыландыратын және Халықаралық сауда орталығы іске асыратын «Ready4Trade-Центральная Азия» жобасы аясында әзірленді.

Оқыту барысында тыңдаушылар халықаралық сауданы жүргізудің негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі танысты, Еуропаға және басқа елдерге тауарларды қалай экспорттау керектігін, экспорттау бойынша серіктестер мен сарапшыларды қалай және қайдан іздеу керектігін, өз бизнесін экспорттық қызметке қалай дұрыс дайындау керектігін, қажетті сертификаттар мен қажетті құжаттарды қайдан алу керектігін, сондай-ақ халықаралық сауда жұмысының басқа да көптеген маңызды аспектілерін білді.

Оқыту семинарының нәтижесінде барлығы 600-ден астам сертификат берілді, оның 83%-ын әйелдер алды.Сауда ережелері туралы курстарды QazTrade Academy білім беру порталында онлайн https://www.qaztradeacademy.kz/course/info.php?id=1910 сілтемесі бойынша өтуге болады.