Актау май

Бизнес өкілдері Ақтауда экспорттық менеджмент ережелерінен білім алды

фото на сайт

QazTrade және Халықаралық сауда орталығы Қазақстанның әртүрлі өңірлеріндегі кәсіпкерлер үшін жаңа экспорттаушыларды даярлауға және жұмыс істеп тұрған экспорттаушыларға өз дағдылары мен білімдерін жетілдіруге және әлемдік нарықтардың ерекшеліктерін зерделеуге көмек көрсетуге бағытталған оқыту курстарын өткізуді жалғастыруда.

28-29 сәуір аралығында Ақтауда Еуропалық Одақ қаржыландыратын Ready4Trade-Орталық Азия жобасы аясында QazTrade және Халықаралық сауда орталығы жергілікті кәсіпкерлер үшін ЕО елдеріне халықаралық сауда және экспорт ережелері бойынша практикалық семинар өткізді.

Еуропалық нарықтың қашықтығына қарамастан, Қазақстанның сыртқы саудасының шамамен 30%-ы ЕО елдеріне тиесілі. Осыған байланысты өткізілетін өңірлік курстар экспорттық қызметтің әртүрлі нюанстары, халықаралық сауда негіздері, экспорттың ерекшеліктері, сапа мен сәйкестіктің халықаралық талаптары бойынша ақпарат алудың бірегей мүмкіндігі болып табылады.

Тренинг аяқталғаннан кейін қатысушылар тестілеуден өтеді және қателерді талдайды. Тестілеу нәтижесінде әрбір қатысушы курстардан өткені туралы сертификат алады.

Аймақтық семинарлардан басқа, сауда ережелері туралы курстарды QazTradeAcademy білім беру порталында онлайн режимінде мына сілтеме бойынша өтуге болады: https://www.qaztradeacademy.kz/course/info.php?id=1910..

Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, бізбен байланыса аласыз:

Пошта

elearning@qaztrade.org.kz

Телефон

+7 (7172) 76 88 34