О курсах прошедших в Костанае

Қостанай кәсіпкерлеріне жаңа нарықтарға шығу ережелері туралы айтылды

Тауарды Еуропаға және басқа елдерге қалай экспорттауға болады, экспорттық серіктестерді қайдан іздеу керек және өз бизнесіңізді экспорттық қызметке қалай дайындау керек? Осы және басқа да сұрақтарға Қостанайдағы кәсіпкерлерге арналған семинарда спикерлер жауап берді.

Халықаралық сауда орталығы «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп, Еуропалық Одақтың қолдауымен шағын және орта бизнес үшін экспорт және халықаралық сауда бойынша оқыту курстарының сериясын өткізеді. Ready4Trade Орталық Азия жобасы аясында қазақстандық кәсіпкерлер экспортқа бағдарланған кәсіпорындар қызметінің ерекшеліктерін және халықаралық сауда ережелерін зерттейді, қажетті сертификаттарды қайдан алуға болатынын және жаңа нарықтарға шығуды неден бастау керектігін оқып біледі.

Оқыту 4 негізгі тақырып бойынша өтті: Халықаралық сауда ережелері, Экспорт процесі, ЕО нарығының талаптары, Сапа мен сәйкестік.

«Біздің компания ауыл шаруашылығы өнімдерін Өзбекстанға, Тәжікстанға және Ауғанстанға экспорттайды. Экспорт саласындағы қолданыстағы тәжірибеге қарамастан, семинарда мен көптеген жаңа ақпараттар, экспорттаушыларға көмек ретінде пайдалы байланыстар мен интернет-ресурстар тізбесін алдым», - деп бөлісті Қостанайдағы екі күндік тренингке қатысушы «Kaz Agro Trans Company» ЖШС өкілі.

Сонымен қатар, тренерлер кәсіпкерлерге 2022 жылдың шілдесінде іске қосылған tradeinfo.kz Қазақстанның сауда порталының жұмысы туралы айтып береді. Сауда рәсімдерін оңайлату жөніндегі ұлттық портал экспорттық-импорттық қызметті және тауарлар транзитін жүзеге асыру үшін қажетті барлық кезеңдерді егжей-тегжейлі сипаттайды. Порталда 50 сауда тобы бойынша әлеуетті импорттаушылар мен экспорттаушылар үшін ақпарат, сондай-ақ қажетті құжаттар мен нысандардың тізбесі орналастырылған.

Экспорттаушылар үшін келесі курстарды 31 қаңтарда Астанада өткізу жоспарлануда.

Қандай да бір сұрақтарыңыз болса, бізбен байланыса аласыз:

Пошта

elearning@qaztrade.org.kz

Телефон

+7 (7172) 76 88 34